RU
Толық нұсқаға өту

Сарапшы: Құрылтай партиялық жүйені дамытады

14.08.2026, 20:40 34

Алдағы Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруына алып келеді. Иорданиядағы Жекеменшік қолданбалы ғылымдар университетінің цифрлық медиа кафедрасының доценті осылай дейді.

Оның сөзінше, бір палаталы парламентке көшу және сайлауды пропорционалды жүйе бойынша өткізу саяси бәсекелестікті күшейтіп, партиялық жүйенің дамуына, сондай-ақ заң шығару жұмысының кәсібилігі мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Саддам Алмашакбех, Иорданиядағы жекеменшік Қолданбалы ғылымдар университетінің доценті:

- Құрылтай құрамының жасақталуы Иордания мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың дамуына да жаңа серпін береді деп сенемін. Атап айтқанда, парламенттік диалогты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz