Бір палаталы парламент партиялардың нығайып, толыққанды саяси институттарға айналуына жол ашады.
Атлантикалық кеңестің Еуразия орталығы директорының орынбасары Эндрю Д’Аньери осылай дейді. Оның айтуынша, заң үстемдігі мен саяси тұрақтылықтың нығаюы америкалық инвесторлардың Қазақстанға деген сенімін арттырып, екі ел арасындағы экономикалық байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді.
Эндрю Д’Аньери, Атлантикалық кеңестің Еуразия орталығы директорының орынбасары:
- Қазақстан қуатты әрі тұрақты мемлекет қалыптастыруда елеулі табысқа жетіп келеді. Кейінгі 12 айда қазақ-америка байланысы беки түсті. Инвестициялық ахуал, әсіресе, энергетика, өндіріс және тау-кен салаларында айқын дамып жатыр. Қазақстанға ірі көлемде қаржы салуды жоспарлаған америкалық инвестор үшін заң үстемдігі мен саяси тұрақтылық аса маңызды. Егер жаңа Конституция аясындағы өзгерістер осындай жағдай қалыптастырып, парламент аталған қағидаттарды нығайтуға ықпал етсе, бұл Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынасын одан әрі дамытуға берік негіз болмақ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құрылтай 2026 #АҚШ #сарапшыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz