RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай: мандаттар қалай бөлінеді?

17.08.2026, 13:00 41

23 тамыз күні қазақстандықтар алғаш рет бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлайды. Бұл жолы сайлаушылар нақты кандидатқа емес, саяси партияға дауыс береді.

Ал Құрылтайдағы 145 мандат партиялардың сайлауда жинаған дауыс санына қарай бөлінеді. Сайлауға жеті саяси партия қатысады. Олардың партиялық тізімдерінде барлығы 545 кандидат бар. Яғни сайлаушы бюллетеньнен бір партияны таңдайды, ал оның дауысы кейін мандаттарды бөлу кезінде есепке алынады. Мұнда 5 пайыздық сайлау шегі қарастырылған. Осы межеден өткен партиялар ғана депутаттық мандаттарды бөлуге қатысады. Одан кейін арнайы математикалық есептеу жүргізіліп, әр партияның қанша орын алатыны анықталады. Есептеу кезінде партиялардың алған дауыстары белгіленген квотаға бөлінеді. Шыққан бүтін сан партияның негізгі мандат санын көрсетеді. Ал бөлінбей қалған орындар болса, олар ең жоғары бөлшек қалдық көрсеткіші бар партияларға кезекпен беріледі. Осылайша, сайлаудағы әр дауыс маңызды. Себебі партияның нәтижесі оның Құрылтайдағы мандат санына тікелей әсер етеді.

Бейсембай Жұмабеков, Астана қ. Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Заңнамаға сәйкес, сайлауды өткізу тәртібі, хаттамаларды рәсімдеу және дауыс берудің ресми қорытындыларын жариялау тетіктері толық белгіленген. Сондықтан сайлау заң талаптарына сәйкес өткізіледі. Бұл сайлаудың басты ерекшелігі - алғаш рет бір палаталы Құрылтай сайланады. Сайлауға жеті саяси партия ресми түрде қатысып отыр. Бұл жолы азаматтар саяси партияларға дауыс береді. Партиялардың қанша дауыс жинағанына қарай арнайы математикалық есептеу жүргізіледі. Бұл тәртіп те заңмен бекітілген. Соның нәтижесінде әр партияның Құрылтайдағы алатын мандат саны анықталады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz