RU
Толық нұсқаға өту

24KZ эфирінде «Басты дебат» өтеді

17.08.2026, 15:10 38

19 тамыз күні 24KZ телеарнасының эфирінде Құрылтай сайлауына арналған «Басты теледебат» өтеді. Бұған дейін басқа телеарналарда да осындай пікірсайыстар ұйымдастырылған болатын.

Бұл жолы саяси додаға жеті партияның көшбасшылары қатысады. Әр саясаткер өз бағдарламасын таныстырып, азаматтарды толғандырған негізгі мәселелер бойынша ұстанымдарын ортаға салады. Бекітілген регламентке сәйкес, пікірсайыс төрт раундтан тұрады. Әр кезеңнің өзіндік форматы мен міндеті бар. Көрермендер саясаткерлердің ұсыныстарын тыңдап, ұстанымдары мен шешімдерін саралай алады. Қазақстандықтар да пікірталасқа өз сұрақтарын жолдай алады. Ол үшін экранда көрсетілген QR-кодты сканерлеп, қатысушыларға мәтіндік хабарлама немесе бейнеүндеу түрінде сұрақ жолдау жеткілікті. «Басты теледебат» 19 тамыз күні сағат 20:00-де 24KZ эфирінде өтеді.   

19 тамызда арнамызда Құрылтай сайлауына орай басты теледебат өтеді. Оған барлық партия төрағалары қатысады. Сіз де пікірталасқа қосыла аласыз. Ол үшін экранда көрсетілген QR-кодты сканерлеп, теледебатқа қатысушыларға өз сұрағыңызды мәтін немесе бейнесұрақ ретінде жолдаңыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz