RU
Толық нұсқаға өту

Сайлауалды науқан кезіндегі журналистер мен блогерлердің құқығы

17.08.2026, 15:20 30

Сайлауалды науқан кезінде журналистер мен блогерлердің заң шеңберінде өз қызметін еркін іске асыруға, соның ішінде фото және бейнетүсірілім жүргізуге құқығы бар.

Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева фейсбук парақшасында осылай деп, БАҚ өкілдері, белсенділер мен блогерлердің жұмысына қатысты түрлі сауалдар туындап отырғанын айтып, мәселеге арнайы тоқталды. Аталған азаматтар «Масс-медиа туралы» заңға сәйкес, өзге адамның келісімінсіз үш жағдайда түсірілім жүргізе алады, деді. Аида Балаева сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының, белсенділер мен блогерлердің әлеуметтік желідегі парақшалары жаппай бұғатталып жатқаны туралы ақпаратқа жеке тоқталды. Бұл тұста вице-премьер сөз бостандығына негізсіз шектеу қойылды деген пікір туғызған әрекеттер тек жекелеген азаматтың емес, мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіретінін еске салды. Ол министрліктің акаунттарды бұғаттамайтынын және керісінше, саладағы уәкілетті орган ретінде сөз бостандығына кепілдік беретін заңды құқықтардың жүзеге асуына қолдау көрсетілетінін айтты. Бұдан бөлек, сала мамандарына қатысты тағы бір қағидат – таратылатын ақпараттың анық-қанығын тексеру қажет. Аида Балаева осыған байланысты онлайн-платформалардың әкімшіліктерін заңға қайшы контентті дер кезінде анықтап, оны жою жөніндегі жұмысты күшейтуге шақырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz