RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай – саяси дамудың жаңа кезеңі

17.08.2026, 22:10 36

Құрылтай сайлауы – Қазақстанның саяси дамуының жаңа кезеңі. «Al-Shabiba» ұлттық араб тілді газетінің халықаралық тақырыптар жөніндегі бас редакторы Халид Ораби осылай деп мәлімдеді. 

Ол жаңа заң шығарушы органды қалыптастыруға саяси партиялардың белсенді қатысуын ерекше атап өтті. «Бұл қоғамдық диалогтың дамуына, саяси бәсекелестіктің нығаюына және демократиялық үдерістердің одан әрі өркендеуіне ықпал етеді», - дейді сарапшы. Халид Орабидің айтуынша, бүгінде Қазақстан саяси жаңғыру, ашықтық қағидаттарын нығайту және тиімді мемлекеттік институттарды дамыту бағытындағы жүйелі саясатын жалғастырып келеді.

Халид Ораби, «Al-Shabiba» ұлттық арабтілді газетінің халықаралық тақырыптар жөніндегі бас редакторы:
- Құрылтайдың құрылуы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелерін іс жүзінде жүзеге асырудың көрінісі. Жаңа орган заң шығару үдерісінің тиімділігін арттыруға, мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ демократиялық институттарды күшейтуге бағытталған. Қазақстандағы саяси өзгерістер, соның ішінде Құрылтай депутаттарын сайлау халықаралық қауымдастықтың және Оман қоғамының қызығушылығын арттырып отыр. Бұл екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz