RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда ҚХП өкілдері зиялы қауыммен кездесті

18.08.2026, 07:09 130

Қазақстан халық партиясының өкілдері Дінмұхамед Қонаев атындағы халықаралық қор ғимаратында зиялы қауыммен кездесті.

Партия төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов интеллигенция елдегі саяси өзгерістерді сырттан қадағалап, баға беруші ғана емес, Қазақстанның болашағын қалыптастырушы екенін баса айтты. Академиктер мен тарихшылар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысқан жиында білім мен ғылымды, мәдениетті дамыту және тарихи-мәдени мұраларды сақтау жайы сөз болды.

Ләззат Сүлеймен, Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат

- Дінмұхаммед Қонаевтың осы халыққа қызмет етудің ең парасатты, ең қарапайым, ең ұтымды жолымен танысуға келіп, осы үлкен ақсақалдардың батасын да алып және алдағы саясатқа бір үлгі ретінде қабылдап кетті деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz