RU
Толық нұсқаға өту

Түрксой басшысы Құрылтай сайлауына баға берді

18.08.2026, 08:22 46

Құрылтай сайлауы – Қазақстанның келешек тағдырын айқындайтын маңызды саяси оқиға.

Түркі әлемінің көрнекті өкілдері бұл қадамды мемлекеттің саяси архитектурасын жаңғыртып, егемендігін одан әрі нығайтатын эволюциялық өзгеріс ретінде бағалайды. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы, қырғыз халық жазушысы Сұлтан Раевтың пікіріне сүйенсек, Қазақстан өзге елдердің үлгісін қайталамай, тарихи тамыры мен ұлттық рухына сүйенген өзіндік даму жолын қалыптастырды. Сондықтан бұл үдеріс қазақ елінің әлемдік саясаттағы орнын бекемдеп қана қоймай, түркі әлеміндегі көшбасшылық рөлін де айқындай түседі.

Сұлтан Раев, Түрксой халықаралық ұйымының Бас хатшысы, қырғыз халық жазушысы

- 23 тамызда Қазақстанда үлкен саяси оқиға болады. Мен Құрылтай сайлауын жай ғана өзгеріс емес, эволюциялық қадам деп бағалаймын. Қазақстан өз жолын қазақтың рухы мен ұлттық болмысына сүйене отырып айқындап келеді. Бұл қадам Қазақстанның жаңа мемлекет ретінде жаңа бағытқа бетбұрыс жасап жатқанын білдіреді. Мен Астананы Түркі әлемін біріктіретін ортақ шаңырақ деп бағалаймын. Бұл пікірімді Мажарстаннан ұлы Абайдың мүсінінің жанында айтып тұрмын. Бұл Атилланың ізі қалған, Ұлы даланың тарихы кәрі құрлыққа дейін жалғасқан қасиетті мекен. Ал Абай ескерткіші қазақтың рухани мұрасының шекара талғамайтынын көрсетеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz