RU
Толық нұсқаға өту

Қостанайда Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды

18.08.2026, 12:00 34

Қостанайда Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник Құрылтай сайлауын дайындау және өткізу мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Жиын барысында облыстық мемлекеттік орган өкілдері саяси науқан алды атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді. Өңірде 716 сайлау учаскесі құрылған. Одан бөлек уақытша болатын орындарда 17 сайлау учаскесі ашылады. Учаскелерде мүгедектігі бар азаматтар дауыс беруі үшін барынша жағдай жасалған. Ғимараттар арнайы көтергіштермен, есту, көру қабылеті нашар адамдарға арналған құрылғылармен жабдықталған. Михаил Бортник атқарылған жұмыстарға жоғары баға беріп, маңызды саяси науқанға дайындықты тағы бір пысықтап алуды тапсырды.  

Михаил Бортник, орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Біз екінші күн Қостанай облысында жұмыс істеп жатырмыз. Ауданда, Қостанайдың өзінде бірнеше сайлау учаскелерінде болдық. Негізінен учаскелердің материалдық-техникалық жабдықталуына, мүгедектегі бар адамдарды қабылдау дайындығына, комиссия мүшелерінің біліктілігіне назар аудардық. Бұл іске қостанайлықтар аса бір жауапкершілікпен келгендігін атап өтуге болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz