RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай елдегі демократиялық институттарды күшейтеді

18.08.2026, 14:09 29

Қазақстанның Құрылтай жүйесіне көшуі – елдің саяси құрылымын жаңғыртуға бағытталған байыпты бастама.

Жаңа жүйеде халықтың саяси таңдауы мен өкілдік тетігіне басымдық беріліп, заң шығару үдерісіндегі жауапкершілік арта түседі. Анкара әлеуметтік ғылымдар университетінің ректоры, Түркия Жазушылар одағының құрметті төрағасы Мұса Казым Арыжан осылай деп пікір білдірді. Сарапшы Қазақстандағы бұл реформаны демократиялық институттарды күшейтетін маңызды қадам деп бағалайды. Оның пайымынша, мұндай өзгеріс елдің ішкі саяси жүйесін ғана емес, Қазақстанның түркі мемлекеттері ұйымындағы ролі мен халықаралық беделін күшейте түседі. 

Мұса Казым Арыжан, Анкара әлеуметтік ғылымдар университетінің ректоры:

- Мен бұл шешімді қазіргі Қазақстан үшін аса маңызды қадам деп бағалаймын. Өйткені жаңа жүйе халықтың ерік-жігері мен таңдауын парламент жұмысына барынша айқын жеткізуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, мұндай өзгеріс Қазақстанның халықаралық деңгейдегі позициясын нығайтып, экономикалық инвестициялар мен халықаралық саудаға және бірлескен жобаларға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz