Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Алматы облысындағы еңбек ұжымдарымен кездесті.
Олар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, қарапайым жұмысшылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Еңбеккерлер өздерін толғандыратын мәселелерге байланысты ұсыныстарын айтты. Диалогқа ерекше балалардың ата-аналары республикалық одағы мен Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының өкілдері де қосылды. Форум флешмобпен аяқталды.
Дамир Дигай, ҚХП атынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
- Бұл ұжымда 6 мыңдай қарапайым жұмысшы бар. Олар Қазақстанда өндірілген отандық брендті әлемдік нарыққа шығаруға бар күш-жігерін салып жатыр. Жұмысшылар әлеуметтік даму мәселесін қызу қолдайды және болашақта міндетті түрде үлкен жетістікке жетеміз деген сенімде. Өйткені біздің сайлауалды науқанымыз да, күнделікті жұмысымыз да еңбек адамының айналасында құрылады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құрылтай 2026 #ҚХПPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz