RU
Толық нұсқаға өту

Сарапшы: Құрылтай сайлауы оң өзгерістерге бағытталған

18.08.2026, 21:20 25

Құрылтай сайлауы Орталық Азия ғана емес, Еуразия және Каспий өңірлері үшін де тарихи оқиға болмақ.

Исламабадтағы Аймақтық зерттеулер институты Орталық азияның өңірлік өзара байланысы бағдарламасының жетекшісі Хамза Рифаат Хусайнның пікірі осындай. Оның айтуынша, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси өзгерістер қарапайым азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға елеулі ықпал етеді.

Хамза Рифаат Хусайн, Аймақтық зерттеулер институты Орталық Азияның өңірлік өзара байланысы бағдарламасының жетекшісі:

- Құрылтай сайлауы – Қазақстанның демократиялық дамуындағы маңызды кезең. Өйткені ол демократиялық реформаларды жүргізуге, халықтың мүддесіне бағдарланған саясат қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік институттардың азаматтар алдындағы нақты есептілігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бейілділікті айқындайды. Бұл тарихи сайлау елдегі тұрақтылықты одан әрі нығайтуға және азаматтардың өз өміріне тікелей қатысты мәселелерді ашық әрі жауапкершілікпен көтеру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz