RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанға ₸1,1 трлн астам актив қайтарылды

18.08.2026, 23:00 31

Бүгінде Қазақстанға ақшалай 1,1 трлн теңгеден астам актив қайтарылды. Бұл Үкіметтің Бас прокуратурамен бірлесіп атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесі.

Қайтарылған қаражат халықтың аса қажетті әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерін шешуге бағытталуда. Осы қаражат есебінен сумен жабдықтау жүйелері салынып жаңғыртылды. Мектеп, балабақша, медициналық мекемелер, спорт нысандары мен көлік инфрақұрылымы салынып жатыр. Қаражат арнаулы мемлекеттік қор арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалады. Бүгінде еліміздің барлық өңірінде жалпы құны 617 млрд 700 млн теңгеге тең 500-ден астам жоба қаржыландырылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz