RU
Толық нұсқаға өту

ТМД байқаушылары миссиясының есебі жарияланды

19.08.2026, 13:52 40

Елдегі Құрылтай депутаттарының сайлауалды науқаны бірқалыпты өтіп жатыр. Әр партияның үгіт-насихатын жүргізуге тиісті жағдайдың бәрі жасалды.

ТМД елдері байқаушыларының миссиясының аралық есебінде осылай делінген. Байқаушылардың пікірінше, саяси науқанға қатысушыларға теңдей мүмкіндік берілген. Сонымен бірге есепте үгіт-насихат жұмысының цифрлық кеңістікте жақсы ұйымдастырылғаны айтылады. Бүгінде партиялар әлеуметтік желілер, жеке сайттар мен өзге де онлайн платформаларды тиімді қолданып жатыр. Бұл электоратпен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар телевизиялық форматтағы дебаттар да тиісті деңгейде ұйымдастырылған. Партиялардың халықпен етене жұмыс істеуіне ауқымды инфрақұрылым қарастырылғаны айтылады. Жергілікті атқарушы билік аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесе үгіт-насихат жиындарын жүргізуге 4 мыңнан астам орын белгілеп берген. Баспа түріндегі үгіт жұмысына тағы 8 мыңнан астам орын қарастырылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz