Құрылтай сайлауына шетелде жүрген отандастырымыз да белсенді қатыса алады.
Ол үшін әлемнің 60-тан астам елінде 80-нен аса сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қазір біз әлемнің әр қиырында жүрген әріптестерімізбен байланыс орнатуға тырысамыз. Экранда көріп тұрғаныңыздай, АҚШ, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі меншікті тілшілеріміз қосылуға дайын.
Руслан Бақытбекұлы, тілші:
- Қытайда да Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр. Алдағы жексенбі күні Қытайдағы сайлау учаскелері ең алғашқылардың бірі болып ашылады.
Ел аумағында 4 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Олар Қытайдың ірі-ірі қалаларында орналасқан. Атап айтсақ, Бейжің, Шанхай, Гонконг және Сиань шаһарлары.
Руслан Бақытбекұлы, тілші:
- Бұл жолғы теледебаттың да орны ерекше деп айтар едім. Өйткені бүгінгі дебат партия төрағаларының қатысуымен өткелі тұр. Аса жауапты сәт. Партия көшбасшылары не айтады? Қандай тың идеялар мен ұсыныстар болады? Жалпы тартысты, қызықты өтеді деп ойлаймын. Оны осындағы қазақстандықтар қалт жібермей көретіндігіне сенімдімін.
Мұнда тек отандастырымыз ғана емес, елімізде болып жатқан саяси өзгерістерді қытайлық сарапшылар, саясаткерлер, тіпті кәсіпкер, инвесторларға дейін жіті назар аударып отыр. Өйткені екі ел арасындағы қарым-қатынас, барыс-келіс, бизнес, туризм бәрі бір-бірімен тығыз байланысты екенін жақсы біледі.
- Қазақстандағы бұл өзгерістер елдің болашағына, саяси тұрақтылығына және Қытаймен қарым-қатынасына қалай әсер етуі мүмкін?
Сунь Фань, Бейжіңдегі Қазақстанды зерттеу орталығының директоры:
- Бұл Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енгелі жасалған ең маңызды саяси қадамның бірі. Сайлаудан кейін Құрылтай елдегі жалғыз заң шығарушы органға айналады. Бір палаталы парламент әлемнің ең дамыған елдерінде бар тәжірибе. Бұл мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып, шешім қабылдау мен заң шығару тиімділігін арттырады. Бұл өзгерістер Қытай үшін де өте маңызды. Өйткені Қазақстан мен Қытай тату көрші, стратегиялық серіктес елдер.
Руслан Бақытбекұлы, тілші:
- Міне сарапшылардың пікірі осындай. Қытайда сағат қазір түнгі 10-нан асып кетті. Соған қарамастан теледебатты отбасыммен мұқият қараймын.
Тегтер #Таңдаулы #құрылтай 2026 #Қытай #теледебат 2026 #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz