RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан Халық партиясы: басты дебатқа соңғы әзірлік

19.08.2026, 19:51 42

Ал біз саяси партиялардың өздеріне қайта оралайық.

Бұл сайлаудың бір ерекшелігі - үш саяси күштің додаға жаңа көшбасшымен қатысуы дедік. Солардың бірі Қазақстан Халық партиясы. Жаңа төраға үшін бүгінгі пікірсайыс – партияның жаңа саяси бағытын танытатын маңызды алаң. Дебатқа соңғы дайындық қалай өтіп жатыр?

Кәмшат Мұхамеджан, тілші: 

- Санаулы уақыттан соң партия көшбасшыларының пікірсайысы басталады. Біз дәл қазір Қазмедиа ғимаратының 22-қабатындамыз. Қазақстан Халық партиясының жақтастары осында. Қазір мұндағы көңіл-күйді өздеріңіз көріп тұрсыздар. Міне сіз бен біз тамашалағандай жиналғандар жігерленіп тұр. Дайындықтарынан да өзгеше леп байқауға болады. Әлгіндей айтқанымдай, бүгінгі басты дебатқа партия көшбасшысы Нұрсұлтан Шоқанов шығады. Сайлауалды бағдарламасында нендей мәселелерді көтермек? Өңірлердегі қарашаның талап-тілегі қандай? Сәлден соң сөз жарыста өзінің баяндамасынан еститін боламыз. Әзірге айта кетейік, Құрылтай сайлауына партия атынан 72 кандидат түсіп отыр. Олардың 54-і ер адам, 18 әйел. Жалпы саяси ұйымның құрылғанына ширек ғасырға жуықтап қалыпты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz