Көшбасшысы өзгерген тағы бір саяси ұйым - «Ақ жол» партиясы.
Санаулы минуттардан кейін партия төрағалары Басты теледебатта өз ұстанымын ортаға салады.
Дебатқа дайындықтың соңғы сәттері қалай өтіп жатыр?
Риат Шони, тілші:
- «Ақ жол» партиясының штабында қазір қарбалас. Саяси ұйым мүшелері 24KZ арнасында өтеті Басты дебатқа дайындықты бірнеше күн бұрын бастап кеткен болатын. Жалпы 2002 жылы құрылған Ақ жол партиясы осымен Парламент сайлауына 6-мәрте қатысып отыр. Бұл науқан алдында саяси ұйымның көшбасшысы да ауысып, тізгінді белгілі саясаткер Дания Еспаева өз қолына алған. Айта кету керек, бұған дейін Құрылтай сайлауы алдында 3 теледебат өткен еді. Оған Ақ жолдың атынан Бек-Мұхамед Жәукебаев, Ермек Әбілдин, Дулат Тастекей, Олжас Нұралдинов сынды партия мүшелері қатысқан. Енді бүгін Басты дебат. Оған саяси-ұйым төрағасы Дания Еспаева қатысып, өз мүдделерін қорғап, пікірлерін ортаға салады. Енді партия көшбасшысын да штабта қолдап отырған жақтастары жетерлік. Қазір мұнда шамамен 40-тан астам "ақжолдық" жиналған. Бұдан бөлек әр аймақта да қолдаушылар пікір сайысты тікелей эфирден тамашалауға дайын отыр. Дәл қазір байқасаңыздар болады, партияның бас штабында белсенді қолдау тобы жиналған. Олардың қатарларында саяси ұйым мүшелері, волонтерлер мен Құрылтай депутаттығына кандидаттар бар.
Айта кеткен жөн, «Ақ жол» партиясы Құрылтай депутаттығына 63 кандидат ұсынып отыр.
Тегтер #Таңдаулы #ақ жол партиясы #теледебат 2026 #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz