Алдағы Құрылтай сайлауы Қазақстандағы конституциялық өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды практикалық кезеңі болмақ.
Еуропалық қауіпсіздік және стратегия орталығының президенті Тьерри-Поль Валетт осындай пікір білдірді. Француз сарапшысы «Қазақстанның жаңа Конституциясы заманауи басқару негіздерін нығайтады» атты мақаласында Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы қарым-қатынаста маңызды рөл атқаратынын атап өткен.
Тьерри-Поль Валетт, Еуропалық қауіпсіздік және стратегия орталығының президенті:
- 23 тамыздағы сайлау мен оның нәтижесі жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі маңызды кезең болмақ. Біз оның іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін, сайланған депутаттар арқылы азаматтық қоғамның мүддесі қалай көрініс табатынын байқаймыз. Мен өз мақаламда Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы қарым-қатынаста аса маңызды серіктес екенін атап өттім. Әскери қауіпсіздік мәселелері қаншалықты маңызды болғанымен, бүгінгі гибридті соғыстар, шетелдік араласу мен ақпараттық соғыстар жағдайында Қазақстанның сын-қатерлерге төтеп беру қабілеті де маңызды. Жаңартылған Конституцияны қабылдау арқылы Қазақстан осы сын-қатерлерге жауап беруге ұмтылып отыр. Бұл Еуропалық одақ үшін де, Еуропа мен Азия арасындағы қарым-қатынас үшін де маңызды мәселе.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құрылтай 2026 #конституция #сарапшы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz