Құрылтай сайлауы өкілетті билікті нығайтып, саяси бәсекелестікті ынталандыруға және азаматтардың мемлекет өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді.
Словениялық сарапшы Людвик Топлактың пікірі осындай. Ол алдағы сайлаудың маңызы ерекше екенін атап өтті. Оның сөзінше, демократияны институттар ғана емес, саяси мәдениеті жоғары азаматтар, бәсекеге қабілетті партиялар мен қоғамдық пікірталас құрайды.
Людвик Топлак, Alma Mater Europaea университетінің ректоры, профессор:
- Меніңше, «Құрылтай» атауының өзі ерекше символикалық мәнге ие. Ол заманауи өкілетті институтты Қазақстанның тарихымен және дәстүрлерімен сабақтастырады. Демократия барлық елде бірдей сипатта болуы міндетті емес. Ол халықтың өзіндік тарихы, мәдениеті мен тәжірибесіне сүйене отырып дамуы мүмкін.
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның өкілетті институттарды дамытуға және заңнаманы жаңғыртуға ерекше көңіл бөліп отырғанын жоғары бағалады.
Микаела Пиллакури, Enalian Consulting компаниясының директоры:
- Мен Құрылтай сайлауына ең алдымен мемлекеттік институттар мен құқықтық тұрғыдағы өтпелі кезең тұрғысынан қараймын. Алдағы бес жыл ішінде 145 депутат заңдар қабылдап, мемлекеттік маңызы бар басқа да мәселелерді шешетін болады. Олардың жұмысының сапасы азаматтарға, бизнеске және халықаралық серіктестерге әсер етеді. Тиімді мемлекеттік институттар - ұзақ мерзімді дамудың берік негізі.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz