Бас қалада Respublica партиясы жақтастарының форумы өтті.
Саяси бірлестік басшысы Айдарбек Қожаназаров елордалық жас белсенділермен кездесті. Ашық әңгімеде жастар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, болашақ, мамандық таңдау, өзін өзі дамыту және қоғамдық-саяси өмірге араласу туралы сұрақтарын қойды. Жастардың бірі саясаттан алыс қатарластарын қоғамдық іске қалай тартуға болатынын сұраса, бірі саясатқа енді қадам басқан жастарға қандай кеңес берерін білгісі келді.
Айдарбек Қожаназаров, Respublica партиясынан құрылтай депутаттығына кандидат:
- Ең бастысы, біз кандидаттармен 20 өңірді аралап шықтық. Елдің түкпір-түкпіріне барып келдік. Аудандарды аралап, халықпен кездестік. Бүгін азаннан бері біз бірқатар кәсіпорындарға бардық. Солардың көбі біздің партияластарымыз.
Тегтер #құрылтай 2026 #Respublica партиясы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz