Бүгін Орталық сайлау комиссиясы өкілдері Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушы ретінде келген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдерінің парламентарийлер тобымен кездесті.
Шара барысында сайлау процесіндегі өзгерістер, берілетін квоталар, заң шығарушы органның жаңа атауына қатысты сұрақтар талқыланды. Сондай-ақ байқаушылар саяси додаға түсетін партия мүшелерімен де кездесті. Айта кетерлігі, ұйымның байқаушылар миссиясы 23 тамыз күні Астана мен Ақмола облысындағы сайлау учаскелерінде жұмыс істейді. Олардың негізгі мақсаты Құрылтай сайлауының Қазақстан Республикасының заңнамасына сай өткізілуіне баға беру.
Нилуфар Алимжанова, халықаралық байқаушы /ҰҚШҰ/:
- Қазақстанға байқаушы ретінде келгеніме қуаныштымын. Елдің саяси жүйесінде болып жатқан өзгерістерді үлкен қызығушылықпен бақылап жүрмін. Әсіресе заңнамада әйелдер, жастар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға Құрылтайда 30 пайыздық квота берілгені көңілімнен шығып отыр. Осы сайлау мәресіне жеткенде біз міндетті түрде өзіміздің бағамызды беріп, оны жариялаймыз.
Тегтер #Орталық сайлау комиссиясы #ҰҚШҰ #24KZ #құрылтай 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz