RU
Толық нұсқаға өту

Сарапшы: «Құрылтай» атауы Парламентке ұлттық реңк береді

21.08.2026, 17:10 43

Жаңадан жасақталатын Қазақстан Парламентінің «Құрылтай» деп аталуы заң шығарушы органға ұлттық сипат береді.

Араб Әмірліктеріндегі Халықаралық мәдени дипломатия институтының басшысы Мұхаммед Камиль Әл Муайни осындай пікірде. Сарапшы еліміздегі ауқымды өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіре түсетіне сенімді. Өйткені конституциялық өзгерістер халық көкейіндегі мәселелерді дөп басып, кеңінен қолдау тапты. «Алдағы сайлау – соның нақты мысалы», - дейді ол.

Мұхаммед Камиль Әл Муайни, Халықаралық мәдени дипломатия орталығының басшысы:

- Қазақстан тағы бір тарихи кезеңге қадам басқалы тұр. Бұл жөнінде пікір білдіру мен үшін үлкен мәртебе. Сіздерде жақын күндері мүлде жаңа Парламент жасақталады. Оған қазақы таным-түсініктегі атау беріледі. Құрылтай сөзі Парламентке ұлттық мәдени құндылыққа сай реңк береді. Сонымен бірге вице-президент тағайындалады. Жалпы айтқанда, тұтас жүйе дамиды деп ойлаймын.

Әмірліктің тағы бір сарапшысы Обаид Әли Әлзааби Қазақстандағы бетбұрысты шешімдерді таразылап, жіті бақылап отыр. Оның айтуынша, бір палаталы Парламент елдегі тұрақтылықты сақтайды. Ал билік өкілеттіліктерін бөлу экономикалық өсімді жеделдетеді.

Обаид Әли Әлзааби, Халықаралық қатынастар бойынша сарапшы:

- Бір палаталы Парламентке көшу – халық бірегейлігін сақтап, тұрақтылық ұғымын арттырады. Ұлттық сана-сезімге сай демократияға жол ашады. Бір-бірімен алысып-тартысып жататын кей мемлекеттердегі екі палаталы жүйені көріп отырмыз. Кей жағдайда ол жақсылыққа әкелмейді. Прогресті тежейді. Сол себепті Қазақстан халқы таңдаған қазіргі жол өте табысты боларына сенімдімін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz