«Хабар» агенттігі» АҚ 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беру күні exit poll (сайлау учаскелерінен шыққан азаматтардан сауалнама алу) ұйымдастырады.
Зерттеуді «Хабар» агенттігі» АҚ тапсырысы бойынша Еуразиялық интеграция институты жүргізеді. Институт 13 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанда және шет елде қоғамдық-саяси процестер мен азаматтардың сайлау кезіндегі іс-қимылын зерттеуге байланысты кешенді әлеуметтанулық және саясаттанулық зерттеу жүргізумен айналысып келе жатқан белгілі және беделді ғылыми-зерттеу және талдау құрылымы.
Exit poll арқылы жиналған деректер азаматтардың дауыс беру үрдістері мен саяси қалауларын талдау үшін пайдаланылады.
2026 жылғы 23 тамызда Институт Қазақстанның барлық 20 өңіріндегі 200 сайлау учаскесінен шыққан 30 мың қазақстандыққа сауалнама жүргізеді.
Институт осындай зерттеулерді жүргізуде үлкен тәжірибеге ие екенін атап кеткен жөн. Мысалы, 2023 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда және 2024 және 2026 жылдардағы референдумдардағы экзитполдарды айтуға болады.
Exit poll өткізу сайлау процесінің барынша ашық өтуін қамтамасыз етуге және қазақстандық сайлаушылардың нақты қалауын анықтауға бағытталған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ақпараттық хабарландыру #құрылтай 2026 #сайлауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz