Сайлау процесіне қоғамдық мониторинг жүргізу, ел аумағындағы ахуал туралы жедел мәлімет ұсынып, тәуелсіз байқаушылардың жұмысынан хабар тарату.
Бұл Алматыдағы Тәуелсіз байқаушылардың Ақпараттық штабының Құрылтай сайлауындағы негізгі жұмысы. Бүгін өткен қорытынды брифингте штабтың дайындығы таныстырылды. Сондай-ақ сайлау күні азаматтарды жедел әрі ашық ақпаратпен қамтамасыз ету тетіктері туралы айтылды. Дауыс беру күні Алматыдағы Орталық қоғамдық коммуникациялар орталығында арнайы ақпараттық алаң жұмыс істеп, өңірлерден тәуелсіз байқаушылар, құқық қорғаушылар мен сарапшылардың қатысуымен тікелей эфирлер ұйымдастырылады.
Нұржан Жалауқызы, журналист, сарапшы:
- Біздің тәуелсіз байқаушыларымыз еліміздің 20 аймағында жұмыс істеуге дайын тұр. Ең негізгі мақсатымыз еліміз үшін ең маңызды, бірінші рет сайланып отырған Құрылтай сайлауының кәсіби деңгейде, ұйымдасқан түрде өтуіне ықпал ету. Бағдарламалық жүйе құрылды. Сол бойынша әрбір аймақ бір емес, бірнеше рет өз аймақтарындағы сайлау барысының қалай өтіп жатқанын баяндап, тікелей эфирге шығатын болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құрылтай 2026 #сайлау
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz