Астанада бүгін БҰҰ-ның Волонтерлер бағдарламасымен халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған ТМД-ның І Волонтерлер форумы аясында өтті. Қазіргі таңда БҰҰ волонтерлері қатарында Қазақстанның 90 азаматы бар. Оның 18-і шетелде қызмет етіп жүр. Олар коммуникация, жобаларды басқару, денсаулық сақтау, бітімгерлік және білім беру салаларында жұмыс істейді. Қатысушылар бірлескен бастамалар, халықаралық волонтерлердің рөлі және волонтерлік саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. Бүгінде Волонтерлер жылына орай 50 мыңнан астам іс-шара өткізілді.
Сухроб Хошмухамедов, БҰҰ Волонтерлер бағдарламасының Сыртқы байланыстар және коммуникациялар департаментінің басшысы:
- Қазақстан волонтерлікті дамыту бойынша көш бастап келеді. Менің түсінуімше, жаңа Конституцияда волонтерлікке де ерекше мән беріліп, жеке атап көрсетілген. Қазақстан БҰҰ-ның осы жылды «Халықаралық волонтерлер» жылы деп жариялау туралы қарарының негізгі демеушілерінің бірі болды. Бұл Қазақстанның және Президент Тоқаевтың бүкіл әлемде волонтерлікті ілгерілетудегі жаһандық рөлін көрсетеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #БҰҰ #еріктілер жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz