Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Алдағы жексенбі күні өтетін Құрылтай сайлауы тарихи оқиға болғалы тұр. Бұл қытайлық сарапшы Ли Цзыгоның пікірі.
Ол бір палаталы Құрылтайға көшу - елдегі заң шығару органы-ның моделін жаңғыртып қанай қоймай, жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді деп санайды.
Ли Цзыго, Қытай Халықаралық мәселелер академиясы Еуразия орталығының директоры:
- Қазіргі жаһандық геосаяси жағдайда мемлекеттік басқаруды тиімді ету аса маңызды. Бұл мемлекетті қуаттандыра түседі. Қазақстан жаңа Конституцияны қабылдап болашаққа нақты қадам жасап отыр. Бұл шешім тұрақтылықты сақтап қана қоймай, жаңа бастамаларға жол ашады.
Халықаралық сарапшылардың айтуынша, Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси реформаны нақты іске асыру кЕзеңіне өткенін айқындайды. «Бұл мемлекеттегі ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам», - дейді олар
Сунь Фань, Бейжіңдегі Қазақстанды зерттеу орталығының директоры:
- Қытай Қазақстанның саяси тұрғыдан тұрақты, экономикасы орнықты дамығанын қалайды. Көрші елде болып жатқан өзгеріс заң шығару үдерісі мен мемлекеттік шешімдерді қабылдаудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл Қазақстанның мемлекеттік жүйесінің одан әрі заманауи деңгейге көтерілгенін нақтылайды. Дүниежүзінде болып жатқан күрделі кезеңде дәл мұндай реформаны жүзеге асыру үлкен батылдық.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қытай #сарапшы #құрылтай 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz