Сайлау учаскелері Алматы қаласында да жұмысын бастады. Бүгін шаһарда қоғамдық көліктер тегін қатынайды.
Біз қазір Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде орналасқан №102 сайлау учаскесіндеміз. Қазір ғана Әнұран орындалып, дауыс беру басталды. Таңмен таласа дауыс беруге келіп жатқандар бар.
Алматы қаласында бүгін 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Олардың барлығы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін ашық болады. Сайлау комиссияларының мүшелері де алдын ала арнайы курстар мен тренингтерге қатысты. Мұндай дайындықтан қаладағы учаскелік сайлау комиссияларының 700-ге жуық мүшесі өтті.
Бүгін алғаш рет дауыс беретін жастар да бар. Биыл 18-ге толған ұл-қыздар алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауларын жасайды. Олардың саны - 13 777. Ал жалпы Алматы қаласы бойынша 1 млн 329 мың адам дауыс беру құқығына ие.
Тағы бір маңызды ақпарат бүгін қала аумағындағы барлық қоғамдық көліктер толықтай тегін болады. Яғни қала тұрғындары өздерінің сайлау учаскелеріне автобус, троллейбус немесе метромен ақысыз жете алады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құрылтай 2026 #сайлау #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz