Бүгін күні бойы ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауына арналған жалпыұлттық онлайн марафоны өтеді.
Медиажоба аясында қоғам өміріндегі өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, сайлау үдерісінің барысы тікелей эфирде, нақты уақыт режимінде жан-жақты баяндалады. Жалпыұлттық online-марафон республикалық және аймақтық медиа ресурстардың ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде тікелей көрсетіледі. Марафонға қатысты жедел жаңалықтар, маңызды ақпараттар «Онлайн марафон-2026» Telegram арнасында жарияланып отырады. Сондай-ақ жалпыұлттық марафонды экрандағы QR кодты сканерлеп көруге болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #марафон #құрылтай 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz