Бүгін Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінің аумағында 36 сайлау учаскесі ашылды.
Алғашқылардың бірі болып Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков дауыс берді. Ол 55/73 әскери бөлімінің аумағында орналасқан №266-шы сайлау учаскесінде таңдау жасады. Сондай-ақ сарбаздар арасында алғаш рет сайлауға қатысқандар және сайлау күні туған күнімен тұспа-тұс келген жауынгерлер бар. Бұдан бөлек, Ұлттық ұлан сайлау күні елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жатыр.
Әлібек Әбділов, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының ресми өкілі:
- Ұлттық ұланның жеке құрамы маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысуымен қатар, өзіне жүктелген қызметтік-жауынгерлік міндеттерін орындауды жалғастыруда. Күн сайын еліміздің 21 қаласында 7 мыңнан астам әскери қызметші қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне жұмылдырылған. Сайлау өтетін күні және дауыс беру аяқталғаннан кейін де ұландықтар тұрақты әрі қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.
Әбдіқадыр Төлеген, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі:
- Бүгін мен үшін маңызды күн. Себебі Құрылтай сайлауында бірінші рет дауыс беріп отырмын. Менің жанымда басқа да сарбаздар бірінші рет дауыс беріп отыр. Біз үшін бұл қобалжу сияқты болып көрінеді. Еліміздің дамуына үлес қосқанымызды мақтан тұтамыз. Мен секілді сарбаздар және де еліміздің азаматтары бүгін дауыс берсе, еліміздің болашағына бей-жай қарамайтынын айқындайды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құрылтай 2026 #сайлау #Ұлттық ұланPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz