Солтүстік Қазақстан облысында 543 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Саяси науқанға қалалықтармен қатар ауыл тұрғындары да белсенді қатысып жатыр.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- Иә, біз қазір Петропавлдан небәрі 10 шақырым жердегі Бескөл ауылынан тікелей эфирге шығып тұрмыз. Бұл Қызылжар ауданының орталығы болып саналады. Елді мекенде 7 сайлау учаскесі ашылды. Солардың бірі осы мәдениет үйінде орналасқан. Бүгін мұнда бір жарым мыңнан аса адам өз таңдауын жасауы тиіс. Олардың қатарында «Бескөл нұры» халықтық ардагерлер хоры да бар. Өнер ұжымының әнші әжелері саяси науқандардан қалыс қалмайды.
Күлбаршын Нұрғалиева, «Бескөл нұры» халықтық ардагерлер хорының мүшесі:
- Қазағымның «Құрылтай» деген үлкен бір жақсы ұғымы ғой. Сол сайлау учаскесіне таңертең тұрып, ерте келіп дауысымды бердім. Сайланатын депутаттарға үлкен үміт артамыз. Қазақстанымыз жайнай берсін. Осындай іс-шарадан мен де қалыспай, бәріміз де келіп, дауыс беріп, әрқашанда жүріп жатамыз.
Жалпы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 360 мыңнан аса адам дауыс беру құқығына ие. Оның ішінде 2817 адам алғаш рет қатысады. Ал жүріп тұруы қиын адамдар өз тағдауын үйде жасайды. Оларға жылжымалы жәшіктер ұйымдастырылған.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #СҚО #құрылтай 2026 #сайлауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz