Қарағанды облысында мүгедектігі бар 6 мың 245 сайлаушы тіркелген. Олардың кейбірі үйде дауыс береді.
Ал Құрылтай сайлауының учаскелерінде ерекше жандар үшін кедергісіз дауыс беруге мүмкіндік беретін арнайы жабдықтар қойылған. Қарағанды қаласындағы мектептердің бірінің базасында орналасқан №16 сайлау учаскесінде мүгедектігі бар адамдарға осындай жағдай жасалған.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
- Иә, біз тұрған №16 сайлау учаскесінде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған. Мұнда көтергіш құрылғы, дауыс беруге арналған арнайы кабина, тактильді навигация және дыбыстық ақпараттандырғыш қойылған. Есту қабілеті бұзылған сайлаушылар үшін портативті индукциялық жүйе қолданылады. Ол есту аппаратымен бірге жұмыс істейді. Соның арқасында сайлау комиссиясы мүшесінің сөзін тікелей естіп, сұрағына жауа ала алады.
Қарағанды облысында барлығы 639 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның төртеуі - өндіріс орындары мен вахталық кентте жаңадан құрылған учаскелер. Ал дауыс берудің қауіпсіздігі мен ашықтығын сайлау комиссияларының 4 мыңнан астам мүшесі мен қоғамдық бақылаушылар қамтамасыз етеді. Сайлаушылар тізіміне Қарағанды облысының 758 мыңнан астам тұрғыны енгізілген.
Тегтер #Хабар #жаңалықтар #құрылтай 2026 #Қарағанды #сайлауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz