RU
Толық нұсқаға өту

Ерлан Қарин Құрылтай сайлауында дауыс берді

23.08.2026, 13:00 29

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.

Ол Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №129 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, таңдауын жасады. Содан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, саяси науқан жайлы өз пікірімен бөлісті. Ерлан Қаринның айтуынша, бүгінгі сайлау - тарихи оқиға. Жаңа саяси жүйенің шымылдығын түретін маңызды кезең. Одан бөлек, Президент жүргізіп жатқан реформалар қоғамдық-саяси үдерістерге жаңа серпін беріп отырғанын айтты. Бұл өзгерістер ауқымы, қарқыны және динамикасы жағынан еліміздегі соңғы онжылдықтардағы ең ірі жаңғыру үдерістерінің бірі деді.

Ерлан Қарин, ҚР Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:

- Бұл шын мәнінде тарихи оқиға, жаңа дәуірдің басы. Себебі Құрылтай маңызды саяси мемлекеттік институттарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Көптеген институттардың, лауазымды тұлғалардың да өкілеттігін бекітеді. Сондықтан Құрылтай жаңа саяси жүйенің құрылымының басын бастап беретін маңызды орган. Бұл сайлаудың маңыздылығы осында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz