RU
Толық нұсқаға өту

Қоғам қайраткерлері де таңдауын жасады

23.08.2026, 13:30 39

Бүгін елде болып жатқан тұңғыш Құрылтай сайлауына қоғам белсенділері де қатысып жатыр. Олар өз учаскелеріне келіп, таңдауын жасады.

Дауыс берушілердің қатарында мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары бар.

Елордада сайлау учаскелерінде таңнан бастап тұрғындар қарасы үзілген жоқ. Әркім таңдау жасап, Құрылтайдың құрамын қалыптастыруға үлес қосты. Мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі журналист, филология ғылымдарының докторы, профессор Сауытбек Абдрахманов та саяси додада дауыс берді. Оның айтуынша, бұл науқанның тарихи маңызы зор.

Сауытбек Абдрахманов, қоғам қайраткері:

- Былтырғы сайлаудың жөні бөлек. Өйткені бұл сайлау – жаңа Конституциядан кейінгі бірінші Парламент сайлауы.  Сондықтан ерекше мән беріліп отыр. Жаңа Қазақстан, жаңа Парламентін қалыптастырмақшы. Сайлау – оған түсетін партиялардың ғана сыны емес. Сайлау – жалпы елдіктің де сыны. Бiрлікке сын, ынтымаққа сын, азаматтық жауапкершілікке сын, белсенділікке сын. Осы сыннан Қазақстан халқы сүрінбей өтетіндігі сөзсіз.

Сайлау учаскесіне келген тұрғындар да өз таңдауын ел алдындағы жауапкершілікпен байланыстырады.

Айнұр Каримова, қала тұрғыны:

- Құрылтайға келіп өзіміздің дауысымызды беріп кеттік. Бұл Қазақстанның әр азаматының, азаматшасының борышы деп есептеймін. Сондықтан Құрылтайда өз орнына лайықтыны халық сайлайды деп үміттенеміз.

«Құрылтайға келіп өзіміздің дауысымызды беріп кеттік. Бұл Қазақстанның әр азаматының, азаматшасының борышы деп есептеймін. Сондықтан Құрылтайда өз орнына лайықты халық сайлайды деп үміттенеміз.

Астана бойынша 517 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Дауыс беру учаскелерінде азаматтардың барлық санатына, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға дауыс беру үшін қажетті жағдай жасалған.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Мадияр Қындыбаев, Дмитрий Димитриев 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz