RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбе облысының әкімі дауыс берді

23.08.2026, 13:43 42

Орталық сайлау комиссиясының соңғы дерегіне сай Ақтөбе облысындағы сайлаушылардың 42,53 пайызы дауыс беріп үлгерді.

Жалпы өңірдің 578 мың 19 тұрғын саяси науқанға қатысуы тиіс. Облыс аумағында 525 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. 

Алтын Орда шағын ауданындағы  №541-сайлау учаскесінде 2898 дауыс беруші тіркелген. Олардың 17-і кәмелет жасына биыл толып, саяси науқанға алғаш қатысқалы отырған жастар. Сайлаудың өту барысын 8 байқаушы қадағалап отыр. Учаске төрағасы дауыс берушілер белсенді дейді. Өз таңдауын жасаған облыс басшысы Асхат Шахаров та ақтөбеліктердің азаматтық парызға жауапкершілікпен қарап, саяси науқанға атсалысып жатқандығын жеткізді.

Асхат Шахаров, облыс әкімі:

- Бүгін өңірімізде барлық 525 учаске өз жұмысын бастады. Өз дауысын беруге еш кедергі жоқ. Барлық инфрақұрылым, басқа да мәселелер қолға алынып, толықтай жасалды. Қазіргі таңда біздің ақтөбеліктер өз таңдауын жасауға асығып келіп жатыр. Белсенділік өте жоғары.

Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шалқия Бақытжанова өз таңдауын жасады. Театр сахнасында елу жылдан астам уақыт қызмет еткен өнер майталманы 37-ші учаскеге ерте келіп дауыс берді.

Шалқия Бақытжанова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Халқымның, ұрпағымыздың, балаларымыздың болашағы үшін өз басым таңдауымызды жасап дауыс беріп шықтым. Халық өзі түсініп таңдауын жасайды. Өйткені халықтың, біздің даусымыз қажет. Маңызды да.

Құрылтай сайлауы – ел ертеңін айқындайтын саяси науқан. Сондықтан болашақтың іргетасы қаланатын күнге Ақтөбе облысындағы сайлау учаскелері таңғылықты дайындалған. Дауыс берушілерге естелік сыйлықтар табысталып, сайлау учаскелері маңында түрлі жәрмеңке мен спорттық сайыстар ұйымдастырылды.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Болатбек Молдағалиев, Айбек Даутов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz