Алматыдағы 41 сайлау учаскесінде шағын Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы ұйымдастырылды.
Ол сайлаушылар тізімінен өздерін таппаған азаматтарға жедел көмек көрсетеді. Сондай-ақ 109 Open Almaty бірыңғай байланыс орталығы да ақпараттық қолдау көрсетеді. Call-орталық сайлаушыларға ақпарат айтып кеңес береді.
Еліміздің заң шығару жүйесінде жаңа кезең басталады. Басты қағида - ашықтық, кәсібилік және қоғамдық пікір. Яғни, заң шығарушы биліктің жаңа моделінің көздегені осы. Сарапшылар Құрылтай сайлауын жаңа Конституциялық модельдің іске асуы мен саяси жүйені жаңғыртудағы маңызды кезең деп бағалайды. Алматылық қоғам белсенділерінің пікірінше, Құрылтай демократиялық институттарды жетілдіруге жол ашады. Оған қоса, бір палаталы Парламент болашақта қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтып диалог орнатады. Яғни, заң шығару қызметін ғылыми негіздеуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға және мемлекеттік органдардың халық алдындағы есеп беруін күшейтуге бағытталған институтқа айналады деген сенімде.
Олжас Рахмет, №91 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі:
- Сайлау уаскесінде 1854 тізімде тіркелген. Сағат 07:00-ден сайлаушыларымыздың көңіл-күйі өте жақсы. Бірінші келіп дауыс берген сайлаушыларымызға өзіміздің сыйлықтарымызды ұсынып жатырмыз. Дауыс беріп болған соң сайлаушылармыз сыртқа шығып, жақсы көңіл-күймен оркестрдің қойылымымен жақсы концертті тамашалап жатыр.
Иә, жаңа атап өткеніміздей, Алматыдағы 41 сайлау учаскесінде сайлаушылар тізімінен өздерін таппаған азаматтарға жедел көмек көрсетуге арналған шағын Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы ұйымдастырылды. Яғни, мамандар азаматтарға тіркелген жері туралы мәліметтерді нақтылауға көмектеседі, ал қажет болған жағдайда учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушыны осы учаскенің мекенжайы бойынша бір күнге тіркей алады, оған бюллетень беріп, дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 109 Open Almaty бірыңғай байланыс орталығы да ақпараттық қолдау көрсетеді. Онда жұмыс істейтін операторлардың саны көбейтілді. Көбіне азаматтар өз сайлау учаскесін іздеу, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алу, қозғалысы шектеулі азаматтар мен мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруін ұйымдастыру, сондай-ақ уақытша тіркеу немесе оның болмауы жағдайында дауыс беру мәселелері бойынша жүгінеді. Қазірге дейін, түрлі байланыс арналары, оның ішінде 109 байланыс орталығы, ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеуге арналған онлайн-сервис және Telegram-бот арқылы мегаполистің шамамен 133 мың тұрғыны жүгінген.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Алматы #құрылтай 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz