Сайлау барысы - қоғам назарында. Тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабы өкілдерінің айтуынша, сағат 11-дегі жағдай бойынша сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтар тіркелмеген.
Штаб әр сағат сайын тікелей эфирде брифинг ұйымдастырып, ел бойынша сайлау процесінен ақпарат таратуда. Алматыда штаб жұмысына «Дауыс» коалициясының құрамындағы алты серіктес ұйым қатысып отыр. Олар қаланың барлық 8 ауданындағы сайлау учаскелерін байқаушылармен қамтыған. Жалпы Алматы бойынша әртүрлі учаскелерде жұмыс істеу үшін 6 мыңға жуық тәуелсіз байқаушы дайындалған. Ақпараттық штабтың жұмысы түнгі 12-ге дейін жалғасады. Әр сағат сайын штабтың өңірлердегі мүшелері халыққа жедел ақпарат беріп отырады.
Диана Малаева, «Дауыс» тәуелсіз байқаушылар РҚБ алматы филиалының жетекшісі:
- Сайлау учаскелеріндегі жағдай жақсы, барлығы да бейбіт, заң аясында өтіп жатыр. Сағат 07:00-ден бастап сайлаушылардың легі байқалады, байқаушыларымыз да жақсы жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар біздің байқаушыларымыз шетелдік әріптестерімен де, яғни басқа елдерден келген байқаушылармен кездесті.
Рафаэль Гасанов, Тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штаб жетекшісі:
- Алматы қаласында 6 мыңға жуық тәуелсіз байқаушы жұмыс істеп жатыр. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. Бұл қоғамда сайлауды бақылауға, осындай үдерістерге деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құрылтай 2026 #сарапшылар #байқаушыларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz