Павлодар облысында дауыс беру 522 сайлау учаскесінде өтіп жатыр. Дауыс беру орындарында инновация және жасанды интеллектке басымдық берілген. Бұл әсіресе инклюзия саласы үшін маңызды.
Халықтың көңіл-күйі көтеріңкі. Ел тарихындағы жаңа саяси науқан – Құрылтай сайлауына Павлодар облысы тыңғылықты дайындалды. Барлық учаскелерде дауыс беру үдерісі жалғасып жатыр.
Қазір біз №23 сайлау учаскесіндеміз. Ол Ақпараттық технологиялар колледжінде орналасқан. Мұнда комиссия мүшелерін заманауи технологияларға үйрететін арнайы кабинет жасақталған. Ал колледж студенттері жасанды интеллект негізінде виртуалды көмекші әзірлеген. Кіреберістегі ақпараттық экран мен QR-код арқылы сайлаушылар қажетті ақпаратты ала алады. Әсіресе, бұл мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы. Олар аудиоматериалдар тыңдап, сурдоаудармасы бар бейнелерді көре алады. Көру қабілеті нашар азаматтарға тифломаркер ұсынылған. Осы және өзге де жаңашылдықтар туралы учаске төрағасы Жанар Исахановадан білсек.
Жанар Исаханова, №23 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:
- Біздің учаскеде мүгедектігі бар азаматтарға дауыс беруге барлық жағдай жасалған. Индукциялық ілмек - есту аппараты арқылы ақпаратты анық қабылдауға көмектессе, бейнеүлкейткіш көру қабілеті нашар азаматтарға арналған.Учаскеде 2 183 сайлаушы тіркелген. Оның 11-і алғаш рет дауыс беріп отыр. Арасында туған күнін сайлаумен қатар атап жатқан азаматтар да бар. Оларға естелік сыйлықтар табыс еттік. Ал 17 адамденсаулығына байланысты үйден дауыс берді.
Айта кетейік, Павлодар облысында дауыс беру үрдісі 522 сайлау учаскесінде өтіп жатыр. Өңір бойынша 500 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Ал биыл алғаш рет дауыс беретіндердің саны шамамен 3 мың адамдай болады. Бүгін Павлодардағы барлық қоғамдық көліктерде жол жүру тегін және инватакси қызметі іске қосылды. Сонымен қатар сайлау учаскелерінде ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құрылтай 2026 #сайлауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz