Ұлытау облысында да сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Өңірде 127 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. 138 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие.
Сайлау учаскелері қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Ал мүгедектігі бар сайлаушыларға арнайы инватаксилер мен еріктілер қызмет көрсетуде. Сонымен қатар учаскелерде азаматтарды тіркеу мен есепке алуға арналған арнайы онлайн сервистер мен уақытша қызметтер жұмыс істеп тұр.
Бақыт Әбдірахманова, Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:
- Сайлау учаскелерінде комиссия мүшелері сайлаушыларға онлайн қызмет көрсетеді. Яғни, сайлаушылардың тізімде бар-жоғын нақтылап, сайлау учаскесінің нөмірі мен мекен жайын анықтауға көмек көрсетеді. Қажет болған жағдайда дауыс беруге қатысу тәртібі бойынша кеңес береді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ұлытау #құрылтай 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz