Егістік алқабынан ел тарихындағы елеулі науқанға. Шығыс Қазақстандық диқандар бүгінгі Құрылтай сайлауына ерекше атсалысты.
Қазір шаруа қызып тұрса да, олар техникаларына отырып, сайлау учаскесіне аттанды. Осылайша, қарбалас шақта уақыт тауып өз таңдауларын жасады. Ауылдықтар алқаптағы жұмыс қыза түсті, бірақ азаматтық парызды өтеу одан да маңызды дейді. Құрылтай сайлауында үйінде дауыс берген 104 жастағы тыл ардагері де дәл осындай пікірде.
Шығыс Қазақстандық диқандар тек егіс алқабында ғана емес, ел үшін маңызды күнде де белсенділік танытты. Прапорщиков ауылындағы шаруалар техникадан түспестен сайлау учаскесіне келді. Осылайша, жер емген еңбеккерлер алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасап, көпшілікке үлгі көрсетті. Қамбаны астыққа толтырып, мол өнім жинау біз үшін маңызды дейді жұмысшылар. Бірақ ел ертеңі үшін маңызды шараға қатысып, өз таңдауымызды жасау бұдан да жоғары жауапкершілік,- деп санайды.
Константин Колесник, Шаруа қожалығының жұмысшысы:
- Күн жексенбі болса да егістікте еңбек тоқтамайды. Біз таңғы салқыннан жұмысқа шығып кетеміз.Дегенмен бүгінгі күннің маңыздылығын бәріміз де түсінеміз. Сол үшін уақытымызды қиып, техникамызға отырып кеп бір адамдай дауыс беріп жатырмыз.
Ғасыр ғұмырлы кейуана, Марқакөлдік тыл ардагері де Құрылтай сайлауынан қалыс қалған жоқ. 104 жастағы Хадиша Тұржанова 9 баласынан 27 немере, 36 шөбере, 5 шөпшек сүйіп отыр. Өмірден көргені көп , түйгені терең қария бұндай сәттерді қалт жібермейді. Бата беруді де дәстүріге айналдырған.
Хадиша Тұржанова, тыл ардагері:
- «Әумин» десеңдер бата берейін, артық болсын барлығынан мерейің, денсаулықтарың мықты болсын, табыстарың зор болсын, ақылдарың мол болсын.
Құрылтай сайлауында соғыс ардагері Михаил Головатюк дауыс берді. 99 жастағы қарт майдангер қашан да азаматтық борышын өтеуді алдыңғы орынға қояды.
Михайл Головатюк, соғыс ардагері:
- Дауыс беру өте маңызды. Одан қалыс қалуға болмайды. Өйткені бүгін ел болашағы,Отанымыздың әрі қарайғы даму кезеңдері айқындалып жатыр.
Жалпы ел шығысында бүгін 534 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Дауыс беру учаскелерінде фотосурет аумағы, жәрмеңке ұйымдастырылып тұрғындарға мерекелік көңіл-күй силау да ұмытылған жоқ.
Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құрылтай 2026 #сайлау #жарнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz