RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай – 2026: заңбұзушылықтар тіркелген жоқ 

23.08.2026, 17:17 40

Елдегі дауыс беру құқығына ие азаматтардың жартысынан көбі өз таңдауын жасады. Айта кетерлігі, осы сағатқа дейін елордадағы сайлау учаскелерінде заңбұзушылық тіркелген жоқ. 

Мәселен, 15 дауыс беру учаскесіндегі комиссия мүшелері процесстің бірқалыпты өтіп жатқанын алға тартты. Сондай-ақ олар сайлаушылар дауыс беру бюллетенін суретке түсіре алады, бірақ бүгін оны әлеуметтік желіге жүктеуге болмайтынын ескертті. Бұл жасырын дауыс беру құқығын және сайлау процесінің құпиялылығын бұзу болып есептеледі. 

Болат Баймамыров, 15 дауыс беру учаскесінің комиссия төрағасы:

- Ереже бұзушылықтар байқалған жоқ және келген бақылаушылардың барлығы ережемен танысты. Сайлаушыларға қойылатын талап бойынша кабинаға кіргеннен кейін өз дауысын фотоға, видеоға түсіруге болады. Алайда бүгінгі оны әлеуметтік желіге салуға, сол арқылы сайлауға кедергі келтіруге толықтай тыйым салынған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz