RU
Толық нұсқаға өту

Exit poll: сайлаушылардың пікірі

23.08.2026, 17:21 45

Семейде Exit poll сауалнамасын жүргізетін мамандар жұмысын бастады. Социологтар сайлау учаскелерінен шыққан тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп, кімге дауыс бергенін анықтап жатыр.

Сауалнама анонимді және ерікті түрде өткізіледі. Жиналған жауаптар негізінде мамандар сайлаудың ресми қорытындысы жарияланғанға дейін алдын ала нәтижелерді есептейді. Exit poll әдісі әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылады. Қазақстанда мұндай сауалнаманы бес ұйым жүргізіп отыр. 

Мәдина Мұратбекқызы, Еуразиялық интеграция институтының Exit poll өкілі:

- Біз сайлау учаскесінің ішіне кірмейміз, сыртта дауыс бергендердің пікірін білеміз. Жиналған барлық мәліметті Орталыққа жібереміз. Онда сауалнама нәтижелері өңделеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz