RU
Толық нұсқаға өту

Сайлау учаскесіне жүргізушісіз көлікпен келді. LIVE

23.08.2026, 17:58 43

Өскемендіктер Құрылтай сайлауына жүргізушісіз көлікпен келді. Техникалық университет ректоры электромобиль тізгіндеп, техниканың күш-қуатын таныстырды. 

Өлкеде бұл күні тағы қандай қызықты әрі маңызды сәттер болды.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Смарт технология саласындағы жергілікті ғалымдар жетістігімен өлкеміз мақтана алады. Инженерлердің мүмкіндігіне бүгін біз де куә болдық.

Бұл жүргізушісі жоқ көлік көрсетілген мекен-жайын дәл тауып келді. Қала ішімен еркін жүргені байқалады. Жол ережесін де бұзбаған. Айта кетсек, осы біз тұрған техникалық университет қабырғасында Лубань шеберханасы жұмыс істейді. Ол шеберханада дәл осы автопиолтты режімде жүретін көлік инженерлері яғни «болашақтың инженерлері» дәріс алады. Олар Қытай еліне барып  біліктілік жинап,білім алмасып тәжіиблерін шыңдап та жүр. Бүгін мінеки, шеберханадағы көліктің мүмкіндігі паш етілді. Ауылшаруашылық техникасын тізгіндегендер де қатардан қалыспады. Глубокое ауданындағы диқандар егістік алқабында техникаларына отырған беті сайлау учаскесіне келіп, таңдауларын жасады. «Қазір енді алқапта жұмыс қайнап тұр, бірақ соған қарамастан азаматтық парызымызды өтеу маңызды», - дейді ауылдықтар. Осылайша, аймақ жұрты Құрылтай депутаттарын сайлуға белсенді дауыс беріп жатыр. Осы біз тұрған 74 учаскеде де белсенділік жоғары сияқты. 

Данияр Серікболұлы, бұл учаскеде қанша сайлаушы тіркелген, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға қандай жағдай жасалған?

Данияр Елеманов, 74 сайлау учаскесі комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Біздің сайлау учаскеміз таңғы жетіден есігін ашты. 1511 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде мүгедектігі бар азаматтар да болды. Ол кісілерге арнайы кабинка жабдықталған, көзі көрмейтін немесе нашар көретін адамдарға да қажетті құралдар берілді. Жалпы дауыс берушілер арасында алғаш рет дауыс беру құқығына ие болған 11 адам бар. Олар да таңдауларын жасап кетті. Белсенділік жоғары, учаске ашыла сала келген кісілер көп болды.

Жалпы қаланың өз басында  бүгін 131 учаске жұмыс істеп тұр. Бір айтарлығы, тұрғындар тек дауыс беріп кетіп жатқан жоқ, олар үшін ауылшаруашылық жәрмеңкесі, фотоға түсетін аумақтар, түрлі концерттік шаралар да ұйымдастырылды. Дауыс берушілер қатар әлі де көп.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz