Семейде сайлау күні ерекше сәттерге толы болды. Театрландырылған қойылымдар, түрлі образға енген тұрғындар мен Ұлы тұлғалармен есімі үндескен азаматтар дауыс берді.
Рүстем Қайратұлы, тілші:
- Бүгінгі сайлау күні Семейде ерекше оқиғалармен басталды. Таңғы сағат 07:00-де сайлау учаскелері жұмысын бастап. Тұрғындардың назарына театрландырылған көрініс қойылып, Қыдыр ата бата берді. 80 жылдардығы перфоманс маңызды күнді ерекше атмосфераға бөледі. Сол заманның киімін киген қыздар ретро көліктермен сайлау учаскесіне келіп, таңдауларын жасады. Тағы бір сайлау учаскесінде Абай, Мұхтар, Шәкәрім жүздесті. Яғни ұлы тұлғалардың есімімен үндескен қала тұрғындары бір уақытта келіп дауыстарын берді.
Мұхтар Мәдениетұлы, қала тұрғыны:
- Еліміздің болашағы үшін әр сайлаудан қалмаймыз. Жасым 38-де, 18 жасымнан бері сайлаудан қалмаймын. Қазақстанның болашағынан жарқын болашақ күтеміз. Келер ұрпақтың жолы ашық болса екен деп тілейміз.
Назигүл Ғазизова, №65 сайлау учаскесінің төрағасы:
- Сайлау учаскесі кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Бүгін таңертең бізге 80 жастағы үлкен апамыз келіп, бастасын беріп кетті. Ол кезде сайлаушылардың Қазақстанның тарихына, болашағына бей-жай қарамайтынына көзіміз жетіп жатыр.
Расыменде семейліктер таңмен таласа тұрып, сайлау учаскелеріне барып, дауыстарын берді. Жалпы облыс бойынша 464 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде 429-ы ашық болса, 35-і жабық учаске.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, азаматтардың өз таңдауын еркін әрі ыңғайлы жасауына барлық қажетті жағдай қарастырылған. Сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар жандардың да дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған. Олар үшін пандустар, арнайы кабиналар және қажетті өзге де жағдайлар қарастырылған. Облыс бойынша 2 мыңнан астам мүгедектігі бар адам үйден дауыс беруге өтінім берген. Семейде сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Тегтер #құрылтай 2026 #сайлау #СемейPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz