RU
Толық нұсқаға өту

ОСК: 9 млн-нан аса сайлаушы дауыс берді

23.08.2026, 19:45 212

Елде сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 9 млн 95 мың 298 сайлаушы бюллетень алды. Яғни тізімге енгізілген азаматтардың 72,15%-ы дауыс берді. 

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлаушылардың уақытша болу орындарындағы 548 учаскеде дауыс беру аяқталды. Қазіргі мәлімет бойынша, Түркістан, Жетісу, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары саяси науқанда белсенділік танытып жатыр. Бұл өңірлерде сайлаушылардың 85 пайыздан астамы таңдау жасап үлгерген. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 20:00-де беріледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz