RU
Толық нұсқаға өту

Сайлаушылар арасында сауалнама жүргізіледі

23.08.2026, 20:05 32

Қостанайдағы барлық сайлау учаскелерінде Exit-poll зерттеуі жүргізіледі. Әлеуметтік сауалнаманы Еуразиялық интеграция институты өткізіп жатыр. 

Олар анонимді түрде учаскеден шыққан адамдардың қалай дауыс бергендігін сұрап, есепке алып отырады. Жиналған мәлімет Әлеуметтік зерттеу орталығына жіберіледі. Соның нәтижесі бойынша, сайлаудың алдын ала бейресми қорытындысы шығарылады. Сауалнама дауыс беру басталғаннан аяқталғанға дейін жалғасады.

Мадина Сапаш, интервьюер:

- Exit-poll-ға адамдар ерікті түрде қатысады. Анонимділік толықтай сақталады. Біз адамның аты-жөні, оның телефон нөмірі немесе қандай бір оның анықтауға мүмкіндік беретін біз ақпаратты сұрамаймыз. Тек қана қандай партияға дауыс бергенін, жынысын сұраймыз. Жалпы байқауым бойынша, адамдар жақсы көңіл күйде, зор ықыласпен қатысады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz