Орталық сайлау комиссиясы елдің барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады.
Учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Сайлау заңының нормаларына сәйкес сайлау учаскелерінде дауыстарды санау уақыты 12 сағаттан аспауы тиіс. Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 9 млн 352 мың 151 сайлаушы бюллетень алды. Яғни тізімге енгізілген азаматтардың 74,19%-ы дауыс берді. Қазіргі мәлімет бойынша Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қызылорда, Жамбыл және Ақтөбе облыстарының тұрғындары саяси науқанда белсенділік танытты. Бұл өңірлерде сайлаушылардың 85 пайыздан астамы таңдау жасаған. Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын-ала нәтижелері арнайы брифингте жария болады. Брифинг уақыты қосымша хабарланады.
Тегтер #ОСК #сайлау #құрылтай 2026 #дауыс беру
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz