RU
Толық нұсқаға өту

Еуропада дауыс беру аяқталды

23.08.2026, 23:01 31

Ел тарихындағы саяси науқан Еуропада енді аяқталды. Өйткені Брюссель Астана уақытынан үш сағат артта. 

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

- Қазір учаскелік сайлау комиссиясы бюллетень жәшіктерін заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес ашып, дауыстарды санау процесін жүргізіп жатыр. Соңғы сағаттарда конституциялық құқығын пайдалануға асыққан отандастарымыздың белсенділігі айрықша артты. Осында тұрып жатқан Қазақстанның шамамен 100-ге жуық азаматы бүгін дауыс беріп үлгерді. Әсіресе, студенттер қауымы ерекше белсенді.

 

Әлібек Дүйсенбеков, Thomas More университетінің студенті:

- Сайлауға қатысу азаматтық парызымыз. Президент Тоқаевтың тапсырмасымен, жастардың шетелде білім алуына Қазақстанда көп мүмкіндік жасалып жатыр. Біз шетелде жиған тәжірибемізді еліміздің дамуына жұмсаймыз.

Аружан Рахымбекова, Ku Leuven университетінің студенті:

- Мен жақында 18-ге толып, бүгін тұңғыш рет дауыс беріп тұрмын. Бұл мен үшін өте үлкен жауапкершілік.

Учаскелік сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, дауыс беру тыныш өтті. Ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Барлығы белгіленген талаптарға сай ұйымдастырылды.

Рахат Нұрғалиев, 405 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі

- Тіркелген азаматтарымыздың 95 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерді. Азаматтарымыз Бельгияның әр қиырынан келіп, арнайы уақыттарын бөліп, демалыс күндерін елшілікте өткізді.

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

- Бүгін дауыс беруден бөлек сайлаушылар дастарханнан дәм-татып, бір-бірімен емен-жарқын әңгімелесті, көңіл көтерді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz