RU
Толық нұсқаға өту

Чехиядағы қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысты

24.08.2026, 01:15 30

Чехиядағы қазақстандықтар Құрылтай сайлауына қарқынды қатысты. Ел астанасы Прага қаласындағы Қазақстан Елшілігінде орналасқан 437 сайлау учаскесі, күн көзі көкжиектен сынық сүйем көтерілгеннен, кеш қарайғанға дейін қызмет етті.

Бөлімше төрағасы мәліметіне мән берсек, ондағы отандастарымыздың 80 пайызы өз таңдауын жасаған. Олардың сапында белгілі журналист, қоғам қайраткері, экс-сенатор Бибігүл Жексенбай да бар. Бұл жайлы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. «Елден жырақта жүргенде сайлауға қатысудың мәні тіпті бөлек сезіледі екен. Өйткені азаматтық жауапкершілік шекарамен өлшенбейді», - деп жазды ол. Сондай-ақ жырақта жүрсе де тағдыр-шешті таңдаудан тысқары қалмаған қазақстандықтардың қарасы қалың екенін айтты.

Бибігүл Жексенбай, қоғам қайраткері:

- Прага қаласындағы, жалпы Чехия республикасындағы қазақстандықтардың сайлауға деген белсенділігі ерекше қуантты. Әсіресе осында жұмыс істеп жүрген жастардың осы сайлау учаскесіне келіп, өз дауыстарын беріп жатқанына куә болдым. Әрине осында жұмыс істеп жатқан жастарымыз көп, ал студенттеріміз одан да көп.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz