Құрылтай депутаттары сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, 12 623 289 сайлаушы тіркелді. Олардың 9 351 539-ы немесе 74,08 пайызы дауыс берді. Дауыс беру елде және шет мемлекеттерде орналасқан 10 423 учаскеде жүргізілді. Сонымен сайлауда 71,17 пайыз үлеспен "Әділет" партиясы көш бастады. Одан кейін "Ауыл" партиясы 6,26 пайызды иеленсе, "Respulica" партиясы 5,56 пайызбен үшінші сатыға жайғасты. Сондай-ақ сайлауда "Ақ жол" демократиялық партиясы – 5,21, Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы – 5,11 және Қазақстан Халық партиясы 3,11 пайыз дауысқа ие болды. "Байтақ жасылдар партиясына сайлаушылардың 1,07 пайызы сенім білдірді. Ал бәріне қарсымын деп дауыс бергендердің үлесі 2,51 пайыз болды.
Тегтер #құрылтай 2026 #сайлау #партия #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz