Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының алғашқы сайлауы сәтті өтуімен құттықтады.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке қолдауы мен халықаралық ұйымдар құрамында Өзбекстан байқаушылар миссиясын жібергені үшін алғыс айтты.
Президент Өзбекстан көшбасшысына елімізде жүргізіліп жатқан ішкі саяси өзгерістер туралы айтып, Құрылтай озық, заманауи және әділетті Қазақстан құруға бағытталған саяси реформалардың маңызды бөлігі екеніне тоқталды.
Тараптар достық пен стратегиялық серіктестік рухында ұдайы нығайып келе жатқан қазақ-өзбек қарым-қатынасының даму барысына көңіл толатынын атап өтті.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастықты кеңейтуге, көлік-логистика, өндірістік кооперация салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы іскерлік топтардың байланысын жандандыруға баса назар аударылды.
Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Тегтер #Таңдаулы #Қазақстан #Өзбекстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz